У.М. Абдигапбарова, М.К. Ибраева. Балалардың танымдық белсенділігін ерте жастан дамыту – Алматы: Эпиграф, 2019. -192 б.
Монографияда Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың танымдық белсенділігін ерте жастан дамытудың мәселесі қарастырылған.
Балалардың танымдық белсенділігін ерте жастан дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері беріліп, оларды практикада жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген. Монография педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына, және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен ата-аналарға арналған.