Муминова К.Ш. Орнитология. Оқу құралы – Алматы: Эпиграф, 2019 ж. -216 б.
Оқу құралы жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындарының жаратылыстану мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.
Оқу құралында Қазақстан құстарының қазіргі заманғы жүйесі, құстардын анатомиялық және экологиялық ерекшеліктері, шығу тегі мен эволюциясы, елімізде кездесетін құстардың негізгі топтары өкілдерінің сипаттамасы, биологиясы, таралуы туралы мәліметтер келтіріледі.
Кітапта, Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстар жөнінде де мағлұматтар берілген.
Оқулық университеттер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология және экология салаларының мамандарына арналған.