С.К. Бандыбекова. «Учет и анализ ресурсного потенциала предприятий в условиях МСФО». Оқу құралы. – Алматы: Эпиграф, 2019. -212 б.
Кәсіпорындардың ресурстық әлеуеті бәсекеге қабілеттілікті, инвестициялық және іскерлік белсенділікті арттырудың негізі болып табылады. Ресурстық әлеуеттің құрамы мен құрылымын, сондай-ақ оны кәсіпорын деңгейінде бағалау әдістерін зерттеу өзекті ғылыми-практикалық міндет болып табылады. Оның ресурстық әлеуетін тиімді басқару негізінде кәсіпорынның тартымдылығы мен белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін табу басым жобаларды іске асыруға кәсіпорынның экономикалық ресурстарын тарту мәселесін шешуде басты болып табылады.
“ҚЕХС жағдайындағы кәсіпорындардың ресурстық әлеуетін есепке алу және талдау” Оқу құралы экономикалық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына, менеджерлерге, тәжірибелі бухгалтерлерге арналған.