Желқайық

Сәукетаев Т.
Желқайық: Роман / Тұрысбек Сәукетаев- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2019 -580 б.

Жазушы Т.Сәукетаевтің соңғы уақытта заманымыздың соқталы кезеңдерін суреттейтін «Қилы тағдыр» атты романдар циклін жазып жүргені көзі қарақты оқушы қауымға жақсы таныс. «Желқайық» романы – сол цикльдің үшінші кітабы, иәки «Айқараңғысы», «Бұлағай» романдарының жалғасы.
«Желқайық» – көп салалы, күрделі роман. Азаттық қарсаңындағы казақ қоғамының әлеуметтік халі, рухани болмысы психологиялық кең ауқымда көркемдік қуатпен барынша шынайы суреттелген. Шығармада жас ғалым Бахтияр-Зуһра, өмірін ғылымға арнаған фанатик Ахметов, бір кезде партия, заң органдарында қызмет етіп кейіннен ғылымға келген, қылмыс әлемімен астыртын жалғасқан жымысқы Аманбаев, тағдыры аянышты Мотя тәтей, «Сыған» т.б. бірнеше сюжеттік линия бар. Әр желі өмір құбылыстарының түрлі аспектілерін кең қамтып, өзеннің тарам-тарам саласындай бір арнада тоғысып отырады. Кейіпкерлердің қым-қиғаш тағдыры арқылы автор ӛмірдің небір шытырман қалтарыстарына терең барлау жасап, бүгінгі қайшылыққа толы болмысымыздың шынайы бейнесін айшықтауға талпынған. Шығарманың тілі жүрдек, бояуы қанық, жазылу үлгісі автордың өзіне тән дара машығын айқындайды.  Белгілі әдебиет сыншысы Р.Әбдіғұловтың сөзімен айтсақ: «Желқайық» – жаңа қазақ романтикасының бөлек сападағы айқын жақсы үлгісі…»    Оқу >>