Бөрісоқпақ

Қуат Д.
Бөрісоқпақ. Әңгімелер жинағы / Дәурен Қуат – Алматы: 2018 . – 368 б.
ISBN 978- 601-7221-89-8

Жазушы Дәурен Қуаттың бұл әңгімелер жинағына  бұрынғы «Әлқисса» атты тұңғыш кітабына енген шығармаларымен қатар,кейінгі жылдары жазған жаңа туындылары да топтастырылған.
Жинақтағы әңгімелердің тақырып аясы кең, айтар ойы астарлы. Шығармалардың көпшілігі туған жер тарихымен сабақтасады, бабалардан қалған байырғы аңыз- әфсаналардан  тамыр тартатындары да баршылық, қазіргі күннің өзекті де өткір мәселелерін жүк ететіндері де жеткілікті. Бірақ бәрі бір арнада тоғыса, үндесе келе қазақтың кешегі кең болмысын сағынадығ  алға үмітпен көз жіберген бүгінгі толқулы күйін бейнелейді, келешекте қай көкжиектен, қай биіктен кқөрінетініне алаңдайды. Қара сөзбен картина сала білетін жазушы қазақ тілінің бар шұрайы мен шырайын шебер қолдана отырып, дала дидарын, замандас келбетін, өмір өрнегі көркем кестелейді.
Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға арналған.  Оқу >>