Интеллектуалды ойын “QUIZ”

2026 жылдың ақпан айының 27 күні «Тарих және география» факультетінің ғылыми кітапханасында «Тарих және география», «Физика-математика», «Филология», «Экономика және құқық», «Педагогика және білім берудегі менеджмент» факультетінің студенттері арасында «Жамбыл әлемі» атты танымдық QUIZ атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Мақсаты : Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу, ұлттық рухты, патриоттық сезімді ояту, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.


Кітапханада ұйымдастырылған шараға барлық факультеттерден құралған 5 команда қатысты. Әр команда өзіне ерекше атау таңдап, білім мен тапқырлықтарын сынға салды. Командалар: «Білім шыңы», «Әдебиетшілер», «Тарих тағылымы», «Ұлы заң», «ФизМат», «Мұра» .
Студенттер өз білімдерін көрсетіп, тапқырлық пен жылдамдық танытты. Әрбір сұрақ қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, таным көкжиегін арттыра түсті. Қызықты әрі тартысты өткен QUIZ соңында жеңімпаз топтар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.


Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, ұйымшылдық пен зеректік үлгісін көрсетті.
Ұйымдастырған «Тарих және қоғамтану» 2 курс студенттері: Абиева Дильназ, Есенова Айкен, Диқанбаев Бейімбет, Көбейсін Асылжан, Серік Мирдана, Сәденов Бекарыс.
Іс-шара тартымды әрі қызықты өтті. Барлық командаларға алғыс білдіреміз!