Бүгін «Тарих және география» факультетінің ғылыми кітапханасында «Цифрлық сауаттылық Digital literacy: Ұялы телефонды қалай дұрыс пайдалану керек?» атты танымдық шара ұйымдастырылды.

«Ландшафттық жобалау» мамандығының 1-курс студенті Қорқыт Дінмухаммед интерактивті панельде «Цифрлық сауаттылық» тақырыбы бойынша слайдтар арқылы баяндама жасап, цифрлық технологияларды дұрыс әрі тиімді пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті. Ол интернеттегі қауіпсіздік ережелері, ақпаратты дұрыс таңдау, цифрлық ресурстарды оқу мен күнделікті өмірде орынды қолдану жөнінде мысалдар келтірді.
Іс-шара барысында студенттерге ұялы телефонды дұрыс пайдалану ережелері қамтылған арнайы ЖАДНАМА таратылып, олардың саналы әрі мәдениетті пайдаланушы болуына бағыт-бағдар берілді.

«География» мамандығының 1 курс студенттері шара барысында бұл тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, өз ойларын мен ұсыныстарын ортаға салды.
Шара соңында ғылыми кітапхана қызметкерлері белсенділік танытқан студенттерге университеттің логотипі бар мерчтер табыстады.
