2026 жылдың 18 ақпан күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экономика факультетінде Жоғары коледж оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жаңашыл ұстаз – цифрлы дәурдің жетекшісі» атты апталық аясында КМ-403, КМ-403А топтарының қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қасиетті қара өлеңнің Құлагері» тақырыбында әдеби- поэзия кеші өтті.

Шара ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және ақын рухына тағзым ету мақсатында өткізілді.

Кеш барысында студенттер ақынның жүрекке жетер өлеңдерін оқып, әуенге толы композициялар ұсынып, журекжарды жыр шумақтарымен көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
