ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы 1934 жылы университетпен бір уақытта ашылды. Ректордың 2014 жылғы 26 маусымдағы № 281 бұйрығы негізінде ғылыми кітапхананың атауы «Әл-Фараби атындағы кітапхана» болып өзгертілді.
Әл-Фараби кітапханасы – әртүрлі қоғамдастықты біріктіретін, ақпаратқа, қорға және инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ететін университеттің ажырамас классикалық және виртуалды құрылымы.

Әл-Фараби кітапханасының басым бағыттары:
• Біз жаңа кәсіби дағдыларды үйренуге арналған ресурстарды ұсынамыз.
• Біз электронды коллекциялар мен ресурстарды үнемі кеңейтіп отырамыз.
• Біз виртуалды қызметтер санын біртіндеп көбейтіп келеміз.
• Біз технологияны нақты қажет ететіндерге қолжетімді және пайдалы ету үшін жұмыс істейміз.
• Біз қолжетімділік пен оқытуды қамтамасыз ету үшін серіктестермен ынтымақтасамыз.
• Біз цифрлық технологиялар енгізуді ақпарат беру арқылы кеңейтеміз.

Сайтқа сілтеме: https://elibrary.kaznu.kz/kk/