Еске алу кеші

Бугін Экономика және құқық факультетінің кітапханасында қазақ поэзиясының мұзбалағы —
Мұқағали Мақатаев атамызды еске алу кеші өтті. Кеш барысында 1-2 курс студенттері ақынның жүрекке жететін жырларын мәнерлеп оқып, оның шығармашылығы жайлы өз ойларымен бөлісті.
Мұқағали жырлары – әр қазақтың, жан дуниесіне жақын, сезім мен сырға толы қазына. Осындай тартылымды кештер арқылы біз ұлы тұлғалардың мұрасын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа насихаттаймыз.


Ақындарымызды ұмытпай, рухани байлығымызды дәріптеп жүру – біздің парызымыз.