Кітап – рухани қазына

14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау куніне орай “Экономика және құқық факультеті” кітапханасында “Кітап – рухани қазына” атты мәдени-танымдық шара өтті.
Іс-шараның басты ерекшелігі – студенттердің бір-біріне кітап сыйлауы болды. Бұл — жастар арасындағы достықты, рухани байланысты нығайтудың, жарқын үлгісі болды.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері кітаптың адам өміріндегі орны, білім мен тәрбиедегі маңызы туралы айтып, кітап оқудың артықшылықтарын насихаттады. Студенттер өздерінің сүйікті шығармалары туралы ой бөлісіп, оқуға ұсыныстар жасады.
Мерекелік кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтті.
Қатысушылар бір-біріне кітап сыйлау арқылы білім мен мейірімділікті белісудің маңызын терең сезінді. Шара сонында белсенді студенттерге алғыс айтылып, естелік суретке түсу ұйымдастырылды.
Кітап сыйлау – журектен жүрекке жол табатын игі дәстүр!