Абайдың мұрасы – жас ұрпаққа аманат

Экономика және құқық факультеті кітапханасында, Абай шығармаларын насихаттауда “Абайдың мұрасы – жас ұрпаққа аманат” атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға экономика және менеджмент мамандығының 1-ші курс студенттері қатысты.
Кештің негізгі мақсаты: адал ұрпақ тәрбиелеу, жастарды Абай мұрасымен сусындату.

Кеш барысында студенттер топтарға бөлініп, Абай өлеңдері мен қара сөздерін насихаттап, QR-код арқылы викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Абайды өз қиялымен бейнелеп, шығармашылық суреттер салды.
Шара соңында белсенді қатысушылар факультет деканының арнайы дипломымен және ғылыми кітапхана тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл әдеби кеш студенттердің рухани дүниесін байытып, Абай мұрасына деген қызығушылығын арттырды.