Тұсаукесер

2026 жылдың 11 наурыз күні, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің Тарих және география факультетінің кітапханасында «Азия мен Африка елдерінің жаңа заман тарихы» атты оқу құралының және «Батыс Сібірдегі қазақтарды басқару құрылымдары (XVIII-XIX ғғ. соңы) атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі грифімен жарық қөру үшін баспаға ұсынылған оқу құралының тұсаукесерін «Тарих» ББ 3 курс студенттері өткізді. Өйткені, оқу құралы осы студенттердің бірінші семестрінде оқу барысында апробациядан өткен. Студенттер бірінші кезекте осы оқу құралын қазақ тілінде жариялаудың маңыздылығын атап өтті. Оның толықтығы мен кең дереккөзі мен тарихнамалық базасы оларға тарихи процесті зерттеу барысында жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Курс өту барысында, стереотиптік көзқарастаң үлкен өзгеріс болды, тарих үлкен жеке алдына мәселе екенің, тарих – тірі организм ретінде қарастарып, және мемлекетік, өркениет, формациялық, стереотип деген мәселелермен таныстық деп студенттер өз пікірлерін білдірді.

Оқу құралымен бірге факультет кітапханасының қорына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми жоба (АР 23489137) нәтижесінің «Батыс Сібірдегі қазақтарды басқару құрылымдары (XVIII-XIX ғғ. соңы) атты құжаттар жинағы тапсырылды, онда автор атқарушы мүше болып табылады. Бұл жинақта XIX ғасырда Батыс Сібірде Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару жүйесін енгізу тарихы туралы мұрағаттық құжаттар мен материалдар ұсынылған. Құжаттар Ресей Федерациясы мен ҚР мұрағат қорларынан жинақталған. Қазақстан тарихына қызығушылық танытқандар үшін маңызы мен қызығушылығын білдіреді.