
14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі. Көрісу – халқымыздың көне дәстүрінің бірі. Көрісудің басты ұғымы – өткен қыстан, жылдан аман-есен шықтық, жаңа жылға, табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру. Көрісу күнінде ешкім ешкімді шақырмайды. Бірақ жастардың үлкенге сәлем беріп, көрісуі – парыз деген халқымыздың арасында маңызды қағида бар. Осы мереке күнін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Тарих және география» факультетінің ғылыми кітапханасында 14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі» атты тақырыпта кітап көрмесі және шолу өткізілді.
