Кітапхана шежіресі


Кітапхана шежіресі


  • 1966 ж. Ақтөбе педагогика институтында  кітапхана ашылды.
  • 1967 ж. Оқу залы мен абонемент жұмысын бастады.
  • 1968 ж. Кітап қорымен толықтыру бөлімі ашылды.
  • 1991 ж. Бас оқу ғимаратында оқу залы ашылды.
  • 1997 ж.  Университеттің типтік кітапханасы  пайдалануға берілді.
  • 1999 ж. Кітапханада  автоматтандырылған  «ИРБИС»  бағдарламасы бойынша электрондық каталог құру жұмысы қолға алынды.
  • 2000 ж. Білім және ғылым Министрлігінің  2000 ж. №249 бұйрығына сәйкес ғылыми кітапхана ЖОО және колледж кітапханалары үшін  облыстық әдістемелік орталық  болды.
  • 2002 ж. Республикалық семинар өтті:  «ЖОО кітап қорын толықтырудың  жаңа технологиялары мен ақпараттық қамтамасыз ету».
  • 2004 ж. Қайта құру және кітап қорын бөлу жұмысы жүргізілді.
  • 2005 ж.  Кітап қорын қайта тіркеуден өткізу аяқталды.
  • 2006 ж. «Ақтөбе – кітапхана астанасы-2006» Секция «Білім қоғамындағы оқу мен оқу кітапханасы» атты Республикалық конференция өтті.
  • 2009 ж. ЖОО қауымдастығына мүшелікке өту.
  • 2010 ж. Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханасын құруға қатысу.
  • 2012 ж. Университеттің жеке  электрондық кітапханасын құру.
  • 2012 ж. Ғылыми кітапхана «Ғылыми-техникалық ақпаратты ұлттық орталық» АҚ келісім-шарт жасалып, Springerlink, Web of Science, Polpred.com бұқаралық ақпарат құралдарына шолу жасау арқылы  интерактивті дереккөздерін пайдалануға мүмкіндік жасалды.
  • 2013 ж.  Қазақстан ұлттық  электрондық кітапханасымен шартқа отыру.
  • 2013 ж. ЖОО  қайта құру нәтижесінде кітап қорын қосу.
  • 2014 ж. Қазақстан ЖОО кітапханалар Ассоциациясына мүшелікке өту.
  • 2016 ж. «Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Ыңтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
  • 2017 ж. Университеттің кітапхана қорына «Эпиграф» мәліметтер базасының дерекқорын сатып алып, «Эверо» ЖШС мультимедиялық электронды оқулықты енгізуге қатысты.
  • 2018 ж. Университеттің  жастар үйінде  кітапхананың  смарт залы ашылды.
  • 2018 ж. Тұңғыш президент атындағы электрондық зал ашылды.
  • 2019 ж. Optima_A2 жоғарыжылдамдықты сканер алынды.
  • 2019 ж. Smart Arsu мобильді қосымшасына электрондық кітапхана енгізілді.
  • 2020 ж. Smart Arsu мобильді қосымшасы арқылы қарыз кітаптар тізімін қарау, шығу парағын толтыру жүзеге асырылды.
  • 2020 ж. Физика-математика және техникалық факультеті кітапханасында қолжетімді оқу залы ашылды.