Жастар – кітап әлемінде

Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына орай ғылыми кітапхана ұйымдастыруымен «Жастар – кітап әлемінде» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізілді.


ZOOM платформасында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы, С.Бəйішев атындағы Ақтөбе облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы қызметкері Ақмарал Сайлауқызы, доктаранттар, ғылыми кітапхана қызметкерлері, аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.


Университет ректоры, профессор Бауыржан Амангелдіұлының бастамасымен аудан мектептерінің кітапханаларына әдістемелік көмек беру мақсатында ғылыми кітапханадағы электрондық ресурстарды тегін пайдалану және тіркелу жолдары түсіндірілді.
Іс-шара барысында   М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы кітапхана жұмысының маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы баяндап, сөз соңында Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына жылы лебізін білдірді.
С.Бəйішев атындағы Ақтөбе облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы қызметкері Ақмарал Сайлауқызы жастардың көркем әдебиетке деген  қызығушылығы артып келетінін тілге тиек етіп, жастардың арасында сұранысқа ие оқулықтармен бөлісті.
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ филология мамандығының докторанты Жазықова Раушан жастар мен кітапхананың байланысы жөнінде баяндады.
Дөңгелек үстел қорытындысында аудан кітапханашылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, ауқымды шараны ұйымдастырған ғылыми кітапхана ұжымына алғыстарын жеткізді.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.