КИНО 1: Қозғалыс-бейне

КИНО 1: Қозғалыс-бейне

Авторы: Жил Делөз
ISBN-10: 2707306592
ISBN-13: 9782707306593
Тілі: француз
Баспасы: Editions de Minuit
Жылы: 1983
Бет саны: 297


Аннотация:
Француз философы Жил Делөз «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм -философиялық шығарма. Осы томда Делөз XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап түрлі бағытта дамыған модерн кино эстетикасын пайымдауда кино теориясының өзекті талқысына айналған семиотика, тіл, шындық тақырыбын қайта қарастыра отырып, кинодағы уақыт ұғымын осы шақ, өткен шақ және уақыт кристалдары арқылы түйіндеп, ой, тән киносы, ми киносы концептілерін енгізеді. Сонымен қатар дыбыссыз және дыбысты кино арасындағы өзара байланыс пен ықпалдастықты саралайды.

Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кеңінен қолданылды және кино теориясына да, кино сынына да зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді.

Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған. >>Оқу>>