Конституция – бұл мемлекеттің айнасы

КОНСТИТУЦИЯ – БҰЛ МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙНАСЫ

2017 жылдың тамыз айының 25 күні  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кітапханасында Конституция күніне арналған «Конституция – тәуелсіздік тірегі» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша : «Конституция  заң жүйесінің негізі. Заң тек тәртіптің ғана емес, сонымен қатар еркіндіктің негізі болып табылады. Құқықтық жүйедегі еркіндік азаматқа деген сенім мен оның мүмкіндіктерін және оның пікірін құрметтеуді білдіреді».

Кітап көрмесі екі апта бойы өтеді. Көрмеде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, сонымен қатар «Конституция: история Казахстана и стран Центральной Азии», «Двадцатый век. Конституционное право Республики Казахстан», «Конституция Республики Казахстан: альбом схем» атты басылымдар көрініс тапты.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.