Микроэкономика

Микроэкономика

Авторы: Майкл Паркин
ISBN-10: 0134744470
ISBN-13: 978-0134744476
Тілі: ағылшын
Баспасы: Pearson
Жылы: 2018
Бет саны: 552


Микроэкономика – экономика теориясының тұлғалар мен кәсіпорындар нені таңдайтынын, ол таңдау нарықта қандай жолдармен байланысатынын және мемлекеттің оған қалай ықпал ететінін зерттейтін саласы.

Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы – осы сала бойынша жазылған үздік еңбектердің бірі. Кітапта жеке адамның табысы, оның қалауы мен таңдауы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қалай ықпал ететіні, фирманың өнім шығарудағы мүмкіндіктерінің шегі, мемлекеттің экономикалық саясаты қоғамға қандай пайда келтіріп, қандай зиян шектіретіні мысалдарға сүйене отырып түсіндіріледі. Еңбекте экономикалық қатынастарды құрайтын процестердің алдымен жеке адам, содан кейін тұтас нарық деңгейіндегі әрекеті, одан келетін пайда мен залал талданады.

Қазақ тіліне он үшінші басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алып жатқан болашақ экономист, менеджер, маркетологтарға, сондай-ақ экономикалық қатынастар қалай қалыптасатынын білгісі, түсінгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.