Бас ғимарат кітапханасындағы кітаптар көрмесі

БАС ҒИМАРАТ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КІТАПТАР КӨРМЕСІ

2017 жылдың қыркүйек айының 13 күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң ғылыми кітапханасы екі апталық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесін шығарды. Көрмеге университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Көрмеде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Путь Казахстана», «Қалын елім қазағым», «Путь в будущее: духовное обновление», «Стратегия-2050» атты кітаптары ұсынылды.

Сонымен қатар, тіл маманы Қ.Жұбановтың  «Изучение казахского языка»,  К.Кудеринованың «Теоретические основы казахской письменности»,   «Введение в тюркологию» және т.б. кітаптар қойылды.
Көрмеге «Туған жерже тағзым» акциясы аясында Ақтөбе облысының энциклопедиялары, тарихы, қасиетті жерлері, қайраткерлері, географиясы, әдеби антологиясы бойынша кітаптар кіріктірілді.
Кітап көрмесіне 100-ге жуық кітап қойылды, және де көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.