Танымдық экскурсия

ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

Құрметті бірінші курс студенттері, сіздерді білім күнімен құттықтаймыз! Сіздің өміріңіздегі жаңа және қызықты кезеңнің бастамасы – студенттік өмір!

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң ғылыми кітапханасы сіздерді үлкен студенттік отбасына қосылады деген үмітпенен өз есігін айқара ашуда. Осы жылдар қызықты біліммен ғана емес, жарқын қоғамдық қызметпен де есте қалуына тілектеспіз.

Бай кітапхана – бұл кез келген университеттің іргетасы және негізі болып табылады және осыған байланысты кітапхана қызметкерлері бірінші курс студенттеріне,  университет табалдырығына алғаш қадам басқан жастарға экскурсия жүргізді. Мұнда  студенттердің оқулықтар мен әдебиеттерге  сыпайы қарым-қатынасын қалыптастыру мақсаты көзделді.

1 курс студенттеріне кітапхана университеттің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылатын-дығы түсіндірілді. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң ғылыми кітапханасы 6 оқу ғимаратында орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір оқу ғимаратында абонементтер мен оқу залдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар студенттерге кітапхананы пайдалану ережесі түсіндірілді. Экскурсия барысында 1 курс студенттері кітапхананың электрондық қорларымен таныс болды.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.