Бегимбаева Ж. С. Научные общества по изучению Казахстана во второй половине ХІХ – 30-е годы ХХ веков. Монография. “Жұбанов кітапханасы” кітаптар сериясы – Ақтөбе: “Жұбанов университеті” баспасы, 2019. – 390 б.
Монографияда көптеген дереккөздер негізінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанды зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамдардың қызметі талданады. Қазақстан, Ресей, Татарстан және Башқұртстан халықтары арасындағы ғылыми ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің қалыптасу тарихы ашылады. Қазақстан мен Еділ-Орал өңірінің түркі тілдес халықтарының ұлттық зиялы қауым өкілдерінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесін зерттеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кітап көптеген оқырмандарға, тарихшыларға, оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Татарстан және Башқұртстан тарихына қызығушылық танытқандарға арналған. >>Оқу>>