Абенов Д.Қ.
Қазақ жерін отарлау тарихы (Орал, Торғай облыстары материалдары негізінде). Монография. /«Жұбанов кітапханасы» сериясы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. — 362 б.
Монографияда Орал, Торғай облыстарына орыс мұжықтарының “өз бетімен қоныстануының” және патша өкіметінің оларды осы аймаққа ресми қоныстандыру саясатының негізінде жүзеге асқан шаруалар отарлауы, сонымен қатар, оның қазақ қоғамына тигізген саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани зардаптары ғылыми айналымға туспеген жаңа құжаттар мен деректердің негізінде, жаңаша көзкараспен зерделеніп, ұлттық мүддеге сай, жан-жақты әрі шынайы ашып көрсетілді.
Монографияны жазу барысында қолданылған архив құжаттарын, тарихи деректерді және жасалған ғылыми тұжырымдар мен қорытындыларды Қазақстан тарихының XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық өміріне арналған еңбектерде, оқулықтарда, оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқауларда, арнаулы курстар және семинар сабақтарында пайдалануға болады деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, еңбек туған халқының тарихын сүйетін және оған жаны ашитын барша қауымға арналады. >>Оқу>>