Әдебиет теориясы: Антология. 3-том

Әдебиет теориясы: Антология. 3-том

Авторлары: Джули Ривкин, Майкл Райан
ISBN-10: 1118707850
ISBN-13: 978-1118707852
Тілі: Ағылшын
Баспасы: Wiley-Blackwell
Жылы: 2017
Бет саны: 1640


«Әдебиет теориясы» антологиясының үшінші томы үлкен екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауларға бөлінген. Атап айтқанда, еңбек мәселесі, мемлекет пен идеология, тарихшылдық, тарих философиясы, құрылымдар, һабитус, ориентализм, отарлық, жаһандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эмпиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.
Уилиям Шекспир, Елизабет Бишоп, Макс Жакоб, Джон Галт, Элис Манро сияқты белгілі қаламгерлердің шығармалары жаңаша пайымдалады. Зерттеу еңбегіне арқау болған тың теориялық ұғымдар аталмыш оқулықтың құндылығын арттыратыны сөзсіз.
Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.