Елбасы – ел тірегі
Университетіміздің ғылыми кітапханасы жоғары колледж оқытушылары және студенттерімен біріге отырып «Елбасы – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді жүргізген Ақтөбе гуманитарлық колледжі, кітапхана ісі мамандығы 3 курс студенті Несібелі Тангирбергенова.
Президент туралы қазақ және орыс тілдерінде мағлұмат берген: Шетел тілі пәнінің мұғалімі Лаура Балымова, педагогика және психология пәні мұғалімі Гаухар Едилова.
Студенттер Отан, Елбасы туралы өз өлеңдерін оқыды, күй ойналды. Кітапхана қызметкері Саулет Тажіғалиева Президент кітаптарына шолу жасады.