Қазіргі психология тарихы
Авторлар: Дуэйн Шульц, Сидни Эллен Шульц
ISBN 978-601-7943-12-7
Тілі: Қазақша
Баспа: “Қазақ университеті” БҮ
Жылы: 2018
Бет саны: 448
«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады. Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.