Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе
Автор: Эллиот Аронсон
ISBN 978-601-7943-09-7
Тілі: Қазақша
Баспа: “Қазақ университеті” БҮ
Жылы: 2018
Бет саны: 408
Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ, қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге еруі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орнын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.