“Саяси қуғын-сүргін құрбандары”

Ақтөбе облысының ішкі саясаты басқармасының тапсыры бойынша әзірленіп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясы” мүшелерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2023 жылы бірқатар бағыттар бойынша 5 жинақ басылып шықты.
Бұл жинақтар тарихты зерттеушілерге, еліміздің тарихына қызығушылық танытып жүрген оқырмандарға рухани азық сапалы дерек көзі.

Аталған жинақтар біздің ғылыми кітапханамыздың қорын толықтырып оқырмандарға қол жетімді болады.