13 қараша мен 13 желтоқсан аралығында “Оқу әдебиетінің екінші өмірі” шығармашылық жобасы ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты: студенттерге инсталляциялар сияқты шығармашылық және мәдени жобаларды құру үшін ескірген оқу әдебиеттерін пайдалануға мүмкіндік беру және кітаптарға екінші өмір сыйлау.
Жобаға 4 команда өтінім беріп, 3 команда өз жобаларын жүзеге асырды:
- 1-орын «Шетел тілі» командасы «Қыл көпір» жобасымен – 114 ұпай;
- 2-орын «109 fam» командасы «Вавилонская башня» жобасымен – 113 ұпай;
- 3-орын «Алаш ұрпағы» тобы «Құдайберген Жұбановтың бейнесі» жобасымен – 80 ұпай.
Жеңімпаздарды Қ.Жұбановқа арналған естелік кітаптарымен, университеттік мерчтерімен, сертификаттармен және түрлі сыйлықтармен марапаттады.