Гүлсамал Аймаханқызы

ГҮЛСАМАЛ АЙМАХАНҚЫЗЫ

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ғылыми кітапханасында  жергілікті ақын, сазгер, ҚР Жазушылар одағының және ҚР журналистер одағының мүшесі, тележурналист Гүлсамал Аймаханқызымен кездесу өтті.


Кездесу 27 мектеп –лицейінің 9,11 класс оқушылары және ұстаздары Н.К.Баймағамбетова, А.К. Ажымбаева, Ж.К.Темірғалиева  мен университетіміздің  қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, магистр Р.Р. Жұмағалиева және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттерінің белсене ат салысуымен өтті.


Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, «Ақтөбенің шамдары» әні шырқалды. Ақынның «Ғарышнама» кітабының тұсаукесері болды.
Студенттер өз тарапынан сұрақтар  қойып,  ақын өмірінен көптеген мағлұматтар алды.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.