Кітапхана оқырмандардың көзқарасымен

КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН

2018 жылдың ақпан айының 19 күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ №1 жатақханасында “Кітапхана оқырмандардың көзқарасымен” атты диалог кеш өтті. Шараға студенттер қатысып, кітапхана жұмысының маңыздылығы туралы пікірлерін білдірді. Кеш соңында кітап туралы өлеңдер оқылып, домбырамен күй тартылды.

“Филология және шет тілдер” факультеті кітапханасы мен әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен 20 ақпан 2018 жылы №2 жатақханада “Кітапхана оқырмандар көзқарасымен” тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталмыш шарада 2 жақты пікірталастар мен ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқылды. Студенттер белсене қатысып, өздерінің де шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Студенттер арасында электронды кітапты қолдайтын жастар көптеп кездесті. Кеш соңы филология факультеті студенттерінің шағын әдеби жыр-шумақтарымен аяқталды.

Экономика және құқық факультеті кітапханасы мен әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен 21 ақпан 2018 жылы “Жастар үйі” жатақханасында “Кітапхана оқырмандар көзқарасымен” тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталмыш шарада студенттер кітапхана жөнінде өз ойларын ортаға салып, пікір алысты. Кеште викториналық ойындар ойналып, студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Кеш соңы күмбірлеген күймен аяқталды.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.