ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Кітапханамызда ҚР президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын оқырмандарға таныстыру мақсатында библиограф Шаншарова Г.И. библиографиялық шолу өткізіп, кітаптың толық мазмұнымен таныстырды.
Бұл еңбек 4 бөлім, 31 тақырыпша, 506 беттен тұрады. Еңбек 2 тілде жарық көрген. «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы» тақырыбына арналған алғашқы бөлім 1991-1995 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтиды. Ал, екінші бөлім «Ұлы бетбұрыс» деп аталса, «Қазақстанның екінші жаңғыруы» тарауында 10 жылдағы елдің даму барысы баяндалады. Соңғы бөлімде «Қалыптасқан мемлекеттің» міндет-мақсаттары тізбектелген. Сондай-ақ, тарихи туындыда егемендік алған 26 жылдағы 33 нәтиже жазылған. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мойындады. Қазақстан ядролық сынақ алаңын жапқан бірінші ел болды. Бас шаһар «Астана» қаласы бой көтерді. Елдің экономикасы артты. Қазақстан бірнеше ірі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып қана қоймай, төрағалық ету құрметіне ие болды. «Рухани жаңғыру» үдерісіне жол ашылды. Биылғы ең елеулі де ерекше шара «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің елдің мәртебесін арттырып, мерейін өсірді.
«Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар туынды.
Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.