Балақаев М. Қазақ тілінің стилистикасы, 1966
Балақайұлының ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты. Бұл оқулықтың қазақ тілін толық меңгеріп, жазу, оқу, өз ойын, пікірін білікті, шешен деңгейде жеткіземін деп талап етушілерге үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі кезеңде қазақ тіліне жазу мен мәнерлеп сөйлеуге шорқақ және оның ішінде көркемдеп, әдемі жазу әдістерін грамматикалық тұрғыдан қолдануы төмен азаматтар арамызда көбейіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда бұл кітаптың ұстаздарға, студенттерге және қазақ тілін толық меңгерсем деген азаматтарға пайдасы өте зор.