Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасының базасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастыруымен 27-28 сәуір күндері “ЖОО кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік трендтер. Университеттің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануындағы академиялық кітапханалардың рөлі” атты ХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.
Конференцияға ғылыми кітапхана қызметкері Аманкелді Ақерке қатысуда. Биылғы Конференция академиялық кітапханаларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, ақпараттық-кітапханалық және ғылыми-білім беру ортасында тәжірибе мен білім алмасудағы алаң болуға арналған.
Талқылауға келесі мәселелер ұсынылған:
– университеттің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануындағы академиялық кітапханалардың рөлі (ғылымиметрия, библиометрия, ашық деректер және ғылыми басылымдар);
– ҚР ҒЖЖБМ жаңа нормативтік-құқықтық құжаттары;
– кітапхана ісі бойынша халықаралық стандарттар;
– кітапхананың цифрлық ортаны дамытудағы рөлі;
– кітапханаларды дамытудың инновациялық модельдері;
– үздіксіз кітапханалық білім.
Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.