Ашық есік күні

Ашық есік күні

«Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал» деген екен атақты чех ойшылы Ян Амос Коменский.

Кітапқа деген қызығушылықты қай уақытта да  ең алдымен білімге құштар адамдар танытады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.  Білім адам бойына біткен ең мықты қару.

2023 жылдың 13-17 ақпан аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университетінің ғылыми кітапханасының барлық оқу ғимараттарында «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» өткізілді. Келушілер кітапхана қорының жаңа әдебиеттерімен, барлық сала бойынша оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен танысты.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.