Қалдырған ізің мәңгілік…

Қалдырған ізің мәңгілік…

Өз өмірін халқының болашағына арнаған, өмір жолы өнеге мен тағылымға толы тұлғаларды ұлықтау оларды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Қ. Жұбанов атындағы АӨУ ғылыми кітапханасында Университеттің еңбек ардагері, ғалым, ҚР білім беру ісінің үздігі Болат Шағырбайұлы Баймұхановты еске алу шарасы өтті.
Шараға Университет ұжымы, Болат Шағырбайұлының замандастары, жұбайы, қызы, студенттер қатысты.

Шара басында жиналғандар 1 минут үнсіздік жариялап, ұстаздың рухына тағзым етті.
Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Бекназаров Рахым Ағыбайұлы алғы сөз алып еске алу шарасын ашты.


Шара барысында жұбайы Алтын апа, Болат ағаймен қызметтес болған профессор Н.А.Абдоллаев, С.С.Мұхтаров, Н.Ә.Сәдуақас ұстаз туралы естеліктерімен бөлісті.

Жұбайы Алтын апа марқұм Болат Шағырбайұлының жеке кітапханасынан 600 кітабын ғылыми кітапхана директоры Илия Уразғалиқызына табыстады.


Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге. Осындай ұлағатты жандарды еске алып дәріптеу де, университет тіршілігінде үнемі әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың ұрпақ тәрбиелеуде атқарған ерен еңбектері жайлы жас шәкірттерді таныстыру- университетіміздің дәстүріне айналған.
Іс-шара «Ұстазым» әнімен қорытындыланып, шара соңында келген қонақтар естелік суретке түсті.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.