Білім кілті

БІЛІМ КІЛТІ

Білім күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бас ғимарат кітапханасында  бірінші курс студенттеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Осыған орай «Ғылым және білім» атты көрме жасақталды. Бұл көрмеге оқытушылардың ғылыми еңбектері, университетіміз туралы кітаптар, біздің кітапхана жөнінде журналдар мен буклеттер ұсынылды.  Сонымен қатар кітаптардан жасақталған «Кітап» атты инсталляция құрылды.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.