“ӨМІРІМ… ӨРНЕКТЕЛСІН ӨЛЕҢІММЕН”

“ӨМІРІМ… ӨРНЕКТЕЛСІН ӨЛЕҢІММЕН”

12 қараша күні Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасының заманауи оқу залында, жерлесіміз, талантты ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе филиалының мүшесі Гулсамал Төрединқызы Аймаханованың  шығармашылығына арналған “Өмірім… өрнектелсін өлеңіммен” атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Кешті университет проректоры Есбол Есенбайұлы алғы сөзбен ашып беріп, университет ректоры Л.Ч.Қарабасованың алғыс хатын табыс етті.

Шара барысында ақын өз шығармашылығына тоқталып, әр жырдың шығу тарихы туралы айтып, өлеңдерін оқыды. Өз кезегінде студенттер сұрақ қоя отырып, ақынның жырларын оқып берді. Ақынмен сыр-сұхбатты филология кафедрасының аға оқытушысы Рита Рахманқызы жүргізіп отырды.

Жаухар сөзі жүрегінде тербеген ақынға деген құрмет кітапхана ұйымдастырған ақынның бірнеше ән жырларына арналған “Поэзия самалы тербеген жыр гүлдері” тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесінен бастау алды. Көрмеге кітапханашы Амангелды Ақерке библиографиялық шолу жасады.

Ақынмен емен-жарқын кездесу кешінде кітапхана  қызметкерлерінің мақсаты, өлкеміздегі  халықтың ықыласына бөленіп  жүрген қаламгерлеріміздің жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру.

Ақын ерекше ілтипатын білдіріп, ерекше толқыныспен әсерлі жүздесуін шынайы жеткізді. Кеш соңында жақсы лебіздер айтылып, ақынмен естелік фотоға түсті.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.