Пешене

Думан Р.Ә.
Пешене: пьесалар/Думан Рамазан. 2020. – 248 б.
ISBN 978-601-217-690-2

Талантты жазушы, дарынды драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның жаңа жинағына «Керей – Жәнібек», «Пешене», «Бейуақ», «Қанатталды», «Кек» атты драматургиялық төл туындылары мен шетел қаламгерлерінен аударған пьесалары топтастырылған.
Автор тарихи һәм қазіргі тақырыптарға қатар қалам тербейді. Көркем шығармаларда тарихи тұлғалардың ақыл-парасаты, келешекке көз тастар көрегендігі, тереңнен ойлап, кеңінен байлам жасар кемеңгерлігі, ел бастар көсемдігі, сөз бастар шешендігі мен қол бастар батырлықтары айрықша айшықталса, өзімізге етене таныс бүгінгі күн қаһармандарының тыныс-тірлігі мен іс-әрекеттері ерекше суреткерлік шабытпен кестеленген. Шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орамды, көркемдік қуаты жоғары.
Кітап жалпы көпшілік қауымға арналған. Оқу >>