2026 жылдың сәуір айының 10 күні «Тарих және география» факультетінің ғылыми кітапханасында «Ғылым айы» аясында «Ғылымның дара тұлғасы-Қаныш Сатбаев» атты ақпараттық-танымдық шара өткізілді.

Іс-шара барысында «Ландшафттық жобалау» мамандығының 1 курс білім алушы Корқыт Дінмухамед тұңғыш қазақ геологының өмірі және қызметімен таныстырды. Шара барысында Сәтбаев пен оның туыстарының қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, ғалымның өміріндегі ең қызықты фактілер туралы айтылды.
Ғалымның кейбір ғылыми еңбектері, Сәтбаев туралы естеліктер жинақтары, “Қаныш Сәтбаев” энциклопедиясы және ғалым Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдарды көрсететін басқа да басылымдар ұсынылған кітап көрмесі мен библиографиялық шолу ұйымдастырылды.
Қонақ ретінде келген Елеусинова Гулим Елеусиновна «Жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты жылы пікірлерін қалдырды. Осы іс-шара барысында оқытушы оның өмірінен бірнеше қызықты сәттерді атап өтті.
