Ғылым – ел болашағы

12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күніне орай ғылыми кітапханада “Ғылым – ел болашағы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Көрмеде профессор-оқытушылар құрамының еңбектері,монографиялары және оқу-әдістемелік құралдары ұсынылды. Сондай-ақ “Жұбанов тағылымы” сериясымен жарық көрген ғылыми туындылар мен жаңа кітаптар оқырман назарына ұсынылады.
Іс-шаралар профессор-оқытушылар құрамы қатысып, студенттер тарапынан зор қызығушылық танытылды. Ғылыми еңбектер – білім мен ізденістің қайнар көзі. Бұл көрме жас ғалымдар мен студенттерді ғылымға бет бұрып, жаңа жетістіктерге ұмтылуға шақырады.