Қаныш Сәтбаев феномені

Қаныш Сәтбаев феномені. Өмірі, қызметі туралы беймәлім деректер. Ұжымдық зерттеу. Байбол Ә., Біләл Е., Абайхан Ж. – Qyr balasy ҚҚ, 2024. – 216 бет.

Бұл кітапта бұрын-соңды айтылмаған беймәлім деректер қамтылған. Біздің басты мақсат-миссиямыз – оқырманды Алаш қайраткері, қазақтың маңдайына біткен ірі ғалымы, энциклопедист-тұлға, ағартушы, геолог, минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың феномендік өмірімен таныстыру. Қазақ қоғамына технократ қажет болса, ол Қаныштай тұлға болуға тиіс. Осы еңбегімізде бүгінгі ел-жұртқа ауадай қажет мемлекетшіл қайраткер қалай қалыптасты, нендей жолдардан өтті, өскен-өнген ортасы қандай еді, ол кімнің тәрбиесін көрді және жетістікке қалай жетті деген сауалдарға жауап береміз.