«Асыл мұра» 1500 тарихи аудиошығарма

«Асыл мұра» 1500 тарихи аудиошығарма / «Қазақстан» РТРК» АҚ- Астана: «Индиго Принт» полиграфиялық орталығы, 2025. – 70 бет.

«Асыл мұра» аудиожинағы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» сақталған таңдаулы шығармаларды топтастырған. Жинақ ұрпақтан-ұрпаққа, аймақтан-аймаққа тарай отырып, әр дәуірдегілердің көзқарасына, таным-түйсігі мен дүниетанымына қарай жаңартылып, үйлесім тапқан 1500 шығармадан тұрады. Оның ішінде 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық және халық композиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро ән бар. Сонымен қоса кейбір шығармалар Мақсат Мұхитдиновтың жеке қорынан алынды. Аудиошығармалардың біраз бөлігі бұрын-соңды ешбір жинаққа енбеген. Жинақ аға буынға өз дәуірінің үнін жеткізсе, өскелең ұрпақ үшін төл өнері мен өнерпаздарын тануға бағытталған құнды құрал.

Жинақта пайдаланылған фотосуреттер ҚР МАМ Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынды.