Байтұрсынұлы А.
Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: Ғ.Әнес. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 бет.
Ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жазған ана тіліміздегі алғашқы әліппе – «Оқу құралы», қазақ тілін танытатын тұңғыш грамматикалық оқулықтар – «Тіл-құрал», үлкендерге сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын «Тіл-жұмсар» және сөз өнерін зерделеген «Әдебиет танытқыш» зерттеуі тілдік мұра ретінде осы ғылыми жинаққа топтастырылып отыр. Сонымен бірге кітапқа мемлекет және қоғам қайраткерінің төл терминологиямыз бен оқу-ағартуға, емле мен әдістемеге қатысты мақалалары да енгізілді.
Араб харпіндегі түпнұсқадан қазіргі жазу үлгімізге салыстырыла аударылған бұл асыл қазына-мұра тілші ғалымдарға және көпшілік тіл жаңашырларына арналады.
