Домбыра

Қадыр Мырзалиев
Домбыра: Оқулық. Өлеңдер кітабы – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1971 – 166 бет

Қазақ ән-күйінің дана, бабасы көпті көрген көне домбыраға тән біраз қасиет бұл кітапқа да тән. Ақын «Домбырасы» өзінің барша болмыс-бітімі, тумыс-тұлғасы, мазмұн-мағнасымен көңілімізге қонымды кәдімгі халық аспабын көз алдыңызға елестетеді. Аз ғана айырма-мұндағы тиек – ой тиегі, мұндағы ішек – өлең ішегі, мұндағы перне – өмір пернесі. Сөйте тұра, саз бен сөз, сыр мен жыр қалай туыс болса, бұл екі домбыра да сондай туыс.