Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы

С.Асанова, А.Птицина.
Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы. Оқулық / Алматы: ЖШС «Лантар books» баспасы, 2024 – 168 бет.

Оқулықта қазақтың ұлттық костюмі мен қолданбалы өнерінің толық тарихы берілген. Бейнелеу өнерінің стильдер динамикасы жан-жақты ашылып, олардан басқа да киімдердің кию тәртібі сипатталған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері элементтер мен мотивтер бойынша классификациясы беріліп, шаманизм, соляризм, тотемизм мен онимизмнің ықпалы ою-өрнек композициясында айрықша көрініс тапқан.

Оқулықта қазақтың дәстүрлі кәсіп түрлерінің технологиясы, құрылымы, көркемдік безендірілуі, дәстүрлі киіз үйдің ішкі түр-сипаты, генезис трансформациясы нақты ашылған. Қазақ халқының көне сиқыршыл салтқа ырымшыл болуына байланысты зергерлік өнерінің қайнар көздері де тақырып тұсында қарастырылған.