Ел қазынасы – ескі сөз

Ел қазынасы – ескі сөз (В. В. Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілері). – Алматы: Ғылым, 1994.- 616 б.

Көрнекті тюрколог-ғалым В. В. Радлов өз кезінде жинап бастырған қазақ фольклорының озық үлгілері біздің уақытымызда бірінші рет толық түрде жарияланып отыр. Мұнда әртүрлі жанрдағы шығармалар: халық аузындағы өлең-жырлар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, айтыстар, батырлық жырлар, дастандар топтастырылған.

Кітап филологтарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.