Шешендік өнер

Негимов С.
Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997. 208 бет.

Бұл оқу құралында ұлттық шешендік өнердің табиғаты терең талданады. Ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы елеулі ескерткіштер сөз болып, шешен-билер мұрасындағы шешендік өнерге қатысты ой-пікірлер таразыланады. Автор «би» деген ұғымның этимологиясын, шешеннің болмысын, психо-физиологиялық ерекшеліктерін, шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысын, тақырыбы мен түрлерін, стильдік табиғатын, оның біртұтас процесс, импровизациялық өнер екендігін егжей-тегжейлі баяндайды.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, мектеп мұғалімдері мен жоғары класс оқушыларына және көпшілік қауымға арналған.