Қазақтың материалдық мәдениеті

Бикенов А.
Қазақтың материалдық мәдениеті: Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010. – 192 б.

Оқу құралы кіріспеден және негізгі үш тараудан тұрады. Кіріспеде оқулықтың мақсаты мен міндеттеріне, жалпы мәдениет ұғымына категориялық талдау жасалады. Бірінші тарауда қазақтың киіз үйі туралы баяндалса, екінші тарау халықтық киімнің дәстүрлі түрлеріне арналады. Үшінші тарау тамақтану жүйесіне қатысты. Әрбір тараудан кейін машықтануға сұрақтар берілген және ең соңында материалды игеруге көмектесетін иллюстративтік фотосуреттер мен сөздік берілген.

Оқу құралы колледж студенттеріне, басқа да білім алушылар мен жалпы оқырман қауымға арналған.