Қазақтың шешендік өнері

Қазақтың шешендік өнері. Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2023.- 228 бет.

Шешендік сөздер – мән-мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор, құнды дүние. Ең алдымен шешендердің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, халық жадында сақталған. Шешендік сөздер өскелең ұрпақты адамгершілікке және даналыққа, төзімділікке баулып, елді, жерді сүюге, батырлық пен елдікті, ізгілікті, жақсылықты дәріптеп, әділдік үшін күресуге, ел қамын жейтін қамқор азамат болып өсуге тәрбиелейді.